Балаларға базарлық! Маңғыстау облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен игі іс-шара ұйымдастырылды.
Облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастауымен бір топ дін қызметкері өңірдегі денсаулық сақтау басқармасына қарасты «облыстық мамандандырылған балалар үйінде» тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге барып, қайырымдылық көрсетті.
Игі шара аясында балаларға аяқ киім, жеміс-жидектер мен тәттілер табысталды. Мақсат – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, олардың көңілдеріне жылулық ұялату.
Ізгілікке бағытталған шара барысында бас имам Әнуар Ізімбайұлы балдырғандарға ақ тілегін арнап, ізгі ниетін білдірді.Сондай-ақ болашағы жарқын болып, бақытты ғұмыр кешулеріне дұға жасады.
Әрбір бала бақытты балалық шаққа, мейірім мен қамқорлыққа лайық. Осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы жанашырлық пен ізгілікті нығайтып, балаларға үміт пен қуаныш сыйлайды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
23.10.2026
143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру