Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Таза Қазақстан» акциясы: Таразда 5000 түп ағаш отырғызылды

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі asyldin.kz 20.10.2026 65 0 пікір
«Таза Қазақстан» акциясы: Таразда 5000 түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» жобасы аясында Тараз қаласына қарасты Қызылабат және Құмшағал аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға мыңға жуық адам қатысып, өңірдің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Нақтырақ айтсақ, экологиялық шараға «Һибатулла Тарази» облыстық мешітінің қызметкерлері, қалалық мешіттердің имамдары, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттері, «Жасыл ел – Тараз» ұйымының өкілдері, студенттер және Жібек жолы ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл жұмыстарға қаладағы ұйымдар да белсене атсалысты.

Шара барысында Қызылабат және Құмшағал аумақтарында 5000 түп ағаш отырғызылды. Бұл игі іске дін қызметкерлері де қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға көмегін тигізді. Осылайша, бірлескен еңбек арқылы қатысушылар табиғатты аялаудың және елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосудың маңызын көрсетті.

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы мұндай бастамалар қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, қоғамның ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру