Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар облысының дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі 17.09.2026 59 0 пікір
Павлодар облысының дін қызметкерлері республикалық аттестаттаудан өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, Павлодар облысында дін қызметкерлерін республикалық аттестаттаудан өткізу жұмыстары жүргізілді.

Аттестаттауды ҚМДБ тарапынан арнайы бекітілген комиссия өткізді. Комиссия құрамына наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы жетекшілік етті. Сондай-ақ комиссия құрамында Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы мен Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы болды.

Аттестаттауға Павлодар облысында қызмет атқарып жүрген дін қызметкерлері қатысты. Аттестаттау жұмыстары екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен дін қызметкерлері компьютерлік тестілеуден өтіп, одан кейін келесі кезеңге қатысты.

Аталған аттестаттау – мешіт қызметкерлерінің кәсіби деңгейін саралап, діни қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

8fd9053d-d49d-4c55-b7a1-77b8361ca2a6.jpeg



5dcb7483-efda-4f1c-bff8-f3f4dddc8c6b.jpeg853f789d-29dd-40bb-8a3a-ef8ecc1a236f.jpegb0050b06-33b0-4160-8362-742f9ab1f3c9.jpeg



c4dbf74a-7255-4101-9157-8d6964c1ed5e.jpeg

01bb65ab-aa6c-4fd7-8c23-82da130c942d.jpeg

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру