Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда жас отбасыларға арналған рухани-танымдық семинар өтті

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.09.2026 49 0 пікір
Атырауда жас отбасыларға арналған рухани-танымдық семинар өтті

Атырау қаласында Отбасы күніне орай «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында жас отбасыларға арналған рухани-танымдық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас отбасылардың шаңырақтағы жауапкершілігін арттыру, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту.

Жиынға Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, жас отбасыларға ақжолтай тілегін жеткізді. Сондай-ақ «Дін мен дәстүр» және жастар секторының жауапты маманы Мағжан Игенбайұлы, әйел-қыздар секторының өкілі Назгүл Данаева және психолог Бақтыгүл Иманғазықызы қатысты.

Семинар барысында мамандар отбасы тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік, ұлттық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі және отбасындағы психологиялық ахуалдың маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиында отбасы берекесін сақтау, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, ұлттық салт-дәстүрді ұрпақ санасына сіңіру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Шара аясында тұсаукесер, сәбиге азан шақырып ат қою және неке қию рәсімдері ұйымдастырылып, ұлттық және діни құндылықтардың сабақтастығы дәріптелді.

Жиын соңында жас отбасыларға арнайы сыйлықтар табысталып, ақ дастархан жайылды. Қатысушыларға шаңырақтың берекесі мен отбасының ынтымағын тілеген ақжолтай баталар берілді.

Тағылымды кездесу ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарды сабақтастыра отырып, жас отбасылардың берік шаңырақ қалыптастыруына және қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға бағытталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру