Атырау қаласындағы «Ихсан» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі мен көркем мінезін насихаттауға арналған рухани Мәуліт кеші өтті.
Рухани шара барысында ерлер мен әйелдер жамағатына арнайы дастархан жайылып, тағылымды уағыз-насихат айтылды. Атырау облысының бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, Мәуліт айының мәні мен маңызына тоқталды.
Кеш барысында мешіт ұстаздары ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өмір жолынан өнеге айтып, көркем мінезі, адамгершілік қасиеттері мен үмбетіне қалдырған өсиеттері жайында тағылымды әңгімелер өрбітті.
Сонымен қатар жамағат арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары ойнатылып, жыр-терме айтылып, күй орындалды.
Мәуліт кешіне зағип жандар да қатысып, ақ тілектерін білдірді. Шара барысында жағдайы төмен отбасыларға арнайы «Мәуліт сыйы» табысталып, әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан студенттерге шәкіртақы берілді.
Рухани тағылым мен қайырымдылықты, ұлттық құндылықтарды ұштастырған Мәуліт кеші жамағатқа ерекше әсер сыйлап, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі жолын дәріптеуге арналды.


























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.09.2026
58
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру