Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісуда отбасы күніне орай игілікті шара өтті

Жетісу облысы өкілдігінің баспасөз қызметі taglim.kz 13.09.2026 113 0 пікір
Жетісуда отбасы күніне орай игілікті шара өтті

ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігінің “Дін мен дәстүр” бағамына жауапты мамандардың ұйымдастырумен қалалық “Тәубе” мешітінде “Ислам және отбасы” тақырыбында игілікке толы берекелі шара өтті.

Шарада Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жиылған көпшілікті Отбасы күнімен құттықтап, “Берекелі шаңырақ - адал қоғам негізі” тақырыбында насихат айтты.

Шара аясында шариғат талаптарына сай жастардың некесі қиылып, неке куәлігі сыйға берілді. Бас имам бүлдіршіндердің тұсауын кесу рәсімін өткізіп, кішкентай сәбилерге азан шақырып, ат қойып, ақ батасын берді.

Отбасы күніне орай, дәстүріміз дәріптеліп, жиылған көпшілікке дәм ұсынылып, сыйлықтар таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру