Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«QMDB EXPO-2026» көрмесіне дайындық жұмыстары пысықталды

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 10.09.2026 625 0 пікір
«QMDB EXPO-2026» көрмесіне дайындық жұмыстары пысықталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Алматы қаласында «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары пысықталды.

Осыған орай Алматы Орталық мешітінде көрмені ұйымдастыруға жауапты жұмыс тобының жиыны өтті. Басқосуда 19-20 қыркүйек күндері өтетін ауқымды шараға қатысты ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Атап айтқанда, көрме алаңын әзірлеу, ҚМДБ-ға қарасты мекемелер мен жобалардың арнайы стендтерін орналастыру, отандық және шетелдік кәсіпорындардың қатысуын үйлестіру, ресми ашылу рәсімі мен жалпы бағдарламаны ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар қонақтарды қарсы алу, қатысушыларды орналастыру, сахналық және техникалық жабдықтау, ақпараттық сүйемелдеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Айта кетейік, биылғы «QMDB EXPO-2026» көрмесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани-ағартушылық, қайырымдылық, ақпараттық, баспа, қажылық, халал индустриясы, уақып, цифрландыру және әлеуметтік бағыттардағы қызметі кеңінен таныстырылады.

Сондай-ақ көрмеге еліміздің ірі кәсіпорындарымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан бірқатар компания қатысып, өз өнімдерін ұсынады.

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі 19-20 қыркүйек күндері Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42 мекенжайындағы «Бақшасарай» салтанат сарайында өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру