Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық аясында «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету және олардың жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алуына жағдай жасау.
Акция аясында көмекке мұқтаж 520 оқушыға мектеп сөмкелері, оқу құралдары, киім-кешек және басқа да қажетті заттар табысталды.
Қайырымдылық шарасына мешіт жамағаты мен жергілікті жомарт жандар да белсенді қатысып, балаларға қолдау көрсетті.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар қайырымдылық пен өзара қолдаудың қоғамдағы маңызына тоқталып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
31.08.2026
42
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру