Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Ақтөбе облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 16.07.2026 57 0 пікір
Ақтөбеде XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық Құран жарысына облыстық іріктеу сайысы өтті.

Байқауға өңірдің 20-дан астам қарисы қатысып, мәнерлеп оқу, 10 пара, 20 пара және толық Құран (30 пара) аталымдары бойынша бақ сынады.

Сайыстың ашылуында Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев қатысушыларды құттықтап, Құран Кәрімнің мұсылман өміріндегі орны мен Құран жарыстарының рухани маңызына тоқталды. Сондай-ақ жарыстың өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіріп, барша қариларға сәттілік тіледі.

Байқауға ҚМДБ «Құран» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов пен республикалық Құран жарыстарының жеңімпазы, «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Хабибулла қари Раушан қазылық етті.

Мәнерлеп оқудан

І орын — Омар Мамұджанұлы (70 000 теңге)

ІІ орын — Мархаба Амантайұлы (50 000 теңге)

ІІІ орын — Рамазан Нұрхан (30 000 теңге)

10 парадан

І орын — Серікұлы  Хасан (100 000 теңге)

ІІ  орын — Нағим Ислам (70 000 теңге)

ІІІ орын —  Сағынбай Мансур (50 000 теңге)

20 пара 

І орын — Хамитов Мырзабек (150 000 теңге)

ІІ орын — Молдин Ахад (100 000 теңге)

ІІІ орын — Дәрібай Есет (70 000 теңге)

30 парадан толық Құраннан

І орын — Бекзат Тасболатов (200 000 теңге)

ІІ  орын —  Ералы Құлмағанбетұлы (150 000 теңге)

ІІІ орын — Бархат Ислам (100 000 теңге)

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленген қарилар 4–6 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық Құран жарысына жолдама алып, облыс намысын қорғайтын болады.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру