Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Коньядағы қазақстандық студенттермен кездесті

ҚМДБ Баспасөз қызметі 13.07.2026 47 0 пікір
ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Коньядағы қазақстандық студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы ресми өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Зиядинұлы Конья қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.

Кездесу аясында жастар Коньяның тарихи-мәдени орындарын аралап, рухани-танымдық саяхатқа қатысты. Сонымен қатар студенттер арасында достық футбол матчы ұйымдастырылып, өзара бірлік пен бауырмалдық нығайтылды.

Жүздесу барысында Абдурашит Зиядинұлы студенттердің оқу барысы мен хал-жағдайына қызығушылық танытып, жат елде ұлттық болмыс пен дәстүрлі Ислам құндылықтарын сақтаудың, сондай-ақ жат ағымдардың ықпалынан сақтанудың маңызын атап өтті.

Студенттер өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ мен Түркиядағы өкілдікке көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру