Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде 2025–2026 оқу жылын аяқтаған бітіруші студенттерге диплом табыстау рәсімі өтті.
Биыл білім ордасын 29 түлек тәмамдап, оның ішінде 1 шәкірт үздік үлгерімі үшін қызыл дипломға, 28 бітіруші көк дипломға ие болды.
Салтанатты жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, медресе-колледж директоры Жарбол Болатұлы, директордың орынбасары Исатай Оразов және ұстаздар қауымы қатысып, жас мамандарға ізгі тілектерін жеткізді.
Шара барысында сөз сөйлеген азаматтар түлектерге ел игілігі мен рухани құндылықтарды дәріптеу жолындағы қызметтеріне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
24.06.2026
60
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру