Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

12 Қыркүйек 2026

30 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Түркістан: «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» қайырымдылық лигасының қорытындылау шарасы ұйымдастырылды

Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 05.06.2026 1048 0 пікір
Түркістан: «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» қайырымдылық лигасының қорытындылау шарасы ұйымдастырылды

ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігіне қарасты Төлеби аудандық орталық «Нұр» мешіті, «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» турнирінің ұйымдастырушылары және аудан жастарының атсалысуымен өткен «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» қайырымдылық лигасының қорытындылау шарасы ұйымдастырылды.

Жиын барысында Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаев сөз сөйлеп, қайырымдылық пен бірлікті насихаттайтын игі бастамаға қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқан барша аудан жастарына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орын – «Комфорт Строй Сити» командасы;
ІІ орын – «Бауырлар» командасы;
ІІІ орын – «Ленгер Авто» командасы.

Ал кіші кубоктың иегері атанған «Жас Орда» командасы арнайы марапатқа ие болды.

Сондай-ақ жарыс барысында жоғары ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар жекелеген номинациялар бойынша анықталып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру