Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: XV республикалық Құран сайысына іріктеу кезеңі өтті

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.06.2026 61 0 пікір
Жамбыл: XV республикалық Құран сайысына іріктеу кезеңі өтті

Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде XV республикалық Құран сайысына іріктеу кезеңі өтті. Рухани шараның ашылуында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға өңірдің әр аудан-қалаларынан келген 54 шәкірт қатысып, Құран Кәрімді жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады. Сайысты тамашалауға келген жамағат шәкірттерге рухани қолдау білдірді.

Қатысушылардың білім деңгейін Жамбыл облысының Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Зейне Жұмабай және «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры Бірлік Аманкелдіден құралған қазылар алқасы бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Құранды толық жатқа оқу (30 пара):
1-орын – Расул Хусей (Ұмра қажылығына жолдама);
2-орын – Биляль Паншаров;
3-орын – Салим Усыров.

20 пара бойынша:
1-орын – Хамза Шаров;
2-орын – Рамазан Идызов;
3-орын – Арафат Воншонло.

10 пара бойынша:
1-орын – Усман Фушанло;
2-орын – Ясин Усыров.

Мәнерлеп оқу номинациясы:
1-орын – Қамбар Есенов.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар, қаржылай жүлделер және алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер республикалық Құран сайысында Жамбыл облысының намысын қорғау құқығына ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру