Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Имани жаз — 2026» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Курстың ашылу салтанатында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы шәкірттерге сәттілік тілеп, жазғы демалысты тиімді әрі мазмұнды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған жоба балалардың діни сауатын арттырумен қатар, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған рухани-танымдық курс болып табылады.
Жиырма күнге жоспарланған бағдарлама аясында шәкірттерге Құран әліппесі, имандылық негіздері, әдеп пен көркем мінез қағидалары үйретіледі. Сонымен бірге қазақ халқының салт-дәстүрі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, отансүйгіштік сынды құндылықтарды насихаттауға арналған тәрбие сағаттары өткізіледі. Бұл арқылы жас ұрпақтың бойына дін мен дәстүр сабақтастығын сіңіру көзделген.
Курс барысында балаларға арналған спорттық жарыстар мен тәрбиелік мәні бар анимациялық көрсетілімдер ұйымдастырылады. Жобаға 10–15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда.
Айта кетейік, «Имани жаз — 2026» курсы Қостанай облысына қарасты барлық мешіттерде өткізіледі.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.06.2026
36
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру