Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

11 Қыркүйек 2026

29 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану бойынша семинар өтті

Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 10.04.2026 844 0 пікір
Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану бойынша семинар өтті

Алматы қаласы имамдарына ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект платформаларын қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында бекітілген жылдық жоспар аясында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және қаладағы барлық имам-ұстаздар қатысты.

Семинар барысында Тимур Орынханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте алдағы жылдары Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру қажеттігін ерекше атап өткенін жеткізді.

Осы орайда ҚМДБ тарапынан цифрландыру бағытында бірқатар жүйелі әрі ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Бұл бастамалар дін қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және діни ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге оң ықпал етуде.

Сонымен қатар семинарда жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада шариғат талаптарына сай тиімді әрі жүйелі қолдану жолдары кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында дін қызметкерлері заманауи технологиялар мен білім дәуірінде белсенді болып, уақыт талабына сай қызмет етуге шақырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру