Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда рухани кеш өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 07.04.2026 491 0 пікір
Қостанайда рухани кеш өтті

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығы кең көлемде аталып өтуде.

Осыған орай Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

Жиында Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев Әлихан Бөкейханның ел үшін сіңірген еңбегін атап өтіп, жастарды білімге ұмтылып, ұлт тарихын құрметтеуге шақырды.

Кеште ғалымдар Қалқаман Жақып пен Жангелді Шәукенов Алаш қозғалысы мұрасы мен тұлғаның өнегелі өмірі жайында баяндады. Студенттер сауалдарына жауап алып, жиын соңында қонақтарға құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ имамдар баба рухына Құран бағыштады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру