Алматы облысында дін қызметкерлерін кезекті республикалық аттестаттау шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Құран аяттарын оқумен басталып, облыстың Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы комиссия мүшелерін қатысушыларға таныстырды.
Аттестаттауды өткізу мақсатында арнайы комиссия құрылып, оның құрамына Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков, «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдиқұлұлы Тілеубердиев, «Діни сараптама» бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы Қайырбеков және Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі кірді.
Аттестаттаудың алғашқы кезеңі тестілеу форматында өтіп, қатысушыларға ақида, фиқһ, ислам тарихы және заң бағыттары бойынша сұрақтар қойылды. Ал екінші кезеңде имамдар мен ұстаздар ауызша сұрақ-жауап арқылы қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, сондай-ақ ҚМДБ бекіткен концептуалдық құжаттар бойынша білімдерін көрсетті.
Республикалық аттестаттауға Қонаев және Алатау қалалары, сондай-ақ Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарындағы мешіттерге жаңадан тағайындалған дін қызметкерлері қатысуда.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
07.04.2026
2223
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру