Қариялар күніне орай Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен наиб имамдар Махамбет Мұқанғалиев пен Ерлан Кенжин қарттарды зиярат етіп, оларға рухани және материалдық көмек көрсетті.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында имамдар қарттардың тыныс-тіршілігімен танысып, сый жасады. Қариялар Амантай Менденов пен Наурызбай аталарымыз мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, батасын берді.
Осындай игі шаралар жыл сайынғы дәстүр екендігін айта кеткеніміз жөн.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
01.10.2021
3324
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру