Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесуде бас имам діни білімнің тәрбиеге ықпалы туралы сөз сөйледі. Ермек Қасболатұлы жастарға: «Дәстүрлі Исламда адамгершілік асыл құндылықтар тұтастай көрініс тапқанымен өз құндылығын жоғалтпай келеді. Асыл дініміздің қоғамда ізгіліктің салтанат құруына ықпалы зор. Жастардың білімді, отаншыл, иманды, әділ, еңбекқор болып өсуі тәуелсіз еліміздің нығаюы үшін аса қажет. Жастар жат ағымдарға еріп адаспай, тек дәстүрмен үндескен ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі Ханафи мәзһабымен жүру керек» деп атап өтті.
Ермек Қасболатұлы рухани тәрбие туралы тарқата айта келе, Ихсан кітабы туралы кең көлемде таныстырып өтті. Бас имам сонымен қатар жастардың сауалдарына жауап бере келе, жастарға арналған ізгі шаралар жайлы таныстырды.
Жастар кездесудің тағылымды болғанын жеткізіп, бас имамға алғыс білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
30.09.2021
2363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру