Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «QMDB Halal» сертификаты берілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 30.09.2021 3026 0 пікір
Атырау: «QMDB Halal» сертификаты берілді

Атыраудағы «Амангелді ЖК» балық өнеркәсібі мен «Ташкент плов» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты сертификатын иеленді.

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорындардың халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екені анықталды.

Сертификатты «Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Халал даму» мекемесінің аймақтағы өкілі Қайрат Аманжолұлы табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру