Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мәшһүр Жүсіп һәм Ихсан ілімі

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 29.09.2021 2468 0 пікір
Шымкент: Мәшһүр Жүсіп һәм Ихсан ілімі

Шымкент қаласы Абай аудандық мешітінің ұйытқы болуымен «Мәшһүр Жүсіп һәм Ихсан ілімі» атты танымдық діни семинар өтті.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, ЖАНТ мүшесі – «Атамекен» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов және мешіт имамдары қатысты.

Аталмыш семинарда ЖАНТ мүшесі – «Атамекен» мешітінің бас имамы Дәулет қажы Туленов Ихсан ілімі туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ, жуырда жарық көрген «Ихсан - рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды.

Танымдық рухани шара соңында барлық қатысушыларға Ихсан іліміне байланысты ҚМДБ тарапынан берілген жұмыс жоспары таныстырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру