Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен және Семей өңірінің имамдары кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 29.09.2021 2257 0 пікір
Өскемен және Семей өңірінің имамдары кездесті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аймақтың имамдарына көршілес өкілдіктермен тәжірибе алмасуды тапсырған болатын. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамдары мен ұстаздары Семей өңіріне арнайы ат басын бұрды.

Имам-ұстаздар кездесу барысында өзара діни ахуалды талқылап, діни сауат ашу курстарын ұйымдастырудағы тәжірибелерін бөлсті. Сонымен қатар кездесуде ихсан ілімін дамыту, аймақта бірлескен іс-шаралар өткізу мәселесі сөз болды.

«Қазіргі уақытта діни мәселелерде имамдармен ұстаздар өзара ынтымақта жұмыстау аса маңызды. Ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, бұл салдағы ахуалды талқылау арқылы діни сауат ашу курсын жаңаша форматта ұйымдастыра аламыз» дейді «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев.

Айта кетейік, алдағы уақытта семейлік ұстаздар Өскемен қаласына келіп, мешіттерде тәжірибе алмасу шарасы жалғасады деп жоспарланып отыр.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру