Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Отбасы құндылықтары насихатталды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 28.09.2021 2336 0 пікір
Талдықорған: Отбасы құндылықтары насихатталды

ҚМДБ Жастар ісі секторының Талдықорған өңіріндегі өкілдігі мен Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен Әскери горнизон дәрігерлеріне арналған «Әке мен ананың отбасындағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Талдықорған орталық «Иман» мешітінің имамы Нұрсұлтан Мұқиятұлы және қалалық дін істері басқармасының маманы Естай Қалдымұратұлы қатысты.

Басқосуда ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, олардың балаларға көңіл бөлуі, балалармен әңгімелесіп-сырласа білудің маңыздылығы, баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер, отбасыңдағы кикілжіңдер мен олардың балаға теріс әсері т.б мәселелер сөз болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру