Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Діни-танымдық семинар өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 27.09.2021 2054 0 пікір
Шымкент: Діни-танымдық семинар өтті

Шымкент қаласы Қаратау аудандық мешітінің ұйытқы болуымен «Ақида һәм Ислам, Иман, Ихсан тағылымы» атты діни-танымдық семинар өтті.

Рухани семинар таяуда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапар аясында ашылған «Сайрам» мешіті жанындағы «Қарашаш ана» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, қалалық Жастар ісі секторы, ЖАНТ мүшелері мен мешіт имамдары қатысты.

Аталмыш семинарда ЖАНТ мүшесі әрі «Сайрам» мешітінің найб имамы Сәруархан қажы Ихсан ілімі туралы дәріс оқыды. Танымдық рухани шара соңында шаһардың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы барлық қатысушыларға Ихсан ілімі негізінде атқарылатын жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру