Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Медицина колледжінің студенттеріне насихат айтты

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 22.09.2021 2503 0 пікір
Талдықорған: Медицина колледжінің студенттеріне насихат айтты

ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігінің Жастар ісі секторы және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің студенттерімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – студенттердің арасында мейірімділікті, досқа, ұстаздарға деген құрметті насихаттау. Шараға қалалық «Нұр» мешітінің имамы Айдос Архынов пен облыстық АТТ мүшесі Қанат Мүтебаев қатысты.

«Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім – тәрбие беру , адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта-ықыласты оятады» деген сынды жақсы ойлар кездесуде тілге тиек болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру