ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің Жастар ісі секторы айрықша шара ұйымдастырды.
«Тарихи таным» деп аталатын шара барысында қала жастары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіндегі «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты.
Наиб имам Аслан Абаков жастарға мұражайды аралатты. Ол мұражайдағы әр жәдігерді жастарға толық түсіндіріп, Ислам тарихы Сақ, Ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлерге толы екендігін жеткізді.
«Елбасымыз Ұлы даланың жеті қыры мақаласында ұлттық құндылықтарымзды жас ұрпаққа насихаттау аса маңызды деп көрсеткен. Сондықтан бұл мұражаймен танысу арқылы жастар ұлт тарихынан, ислам әлемінен құнды деректерге қанық болады» деді А.Абаков.
Мұражайды аралаған жастарға Құранның және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасы ерекше қызықтырды. «Ислам мәдениеті» мұражайы діни ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналып, жастардың рухани тәлім алуына мол әсерін тигізіп отыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
22.09.2021
2886
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру