ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исахан Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде болды.
Мұхан Баймұратұлы жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы туралы дәріс оқып:
«Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бастап дініміздің негіздерін үйреніп, Раббымызға дұрыс құлшылық жасауды үйрендік. Ендігі кезеңде кемелдену жолына аяқ басып жатырмыз. Осы еңбекті оқып, көңілімізге тоқып, білгенімізді іске асырсақ, Алла алдында да, адамдар алдында да дәрежеміз биік болады» деп аталмыш туындыны мешіт сөрелерінен алып оқуға кеңес берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
22.09.2021
2406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру