Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Әйелдерге арналған жоба қайта жанданды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 22.09.2021 3396 0 пікір
Түркістан: Әйелдерге арналған жоба қайта жанданды

Түркістан облысында қыз-келіншектерге арналған «Әйел әдемі әдебімен» жобасы қайта жанданды.

Әйел жамағатымен жүздесу барысында рухани тәрбие, отбасылық құндылықтарды сақтау, отағасын сыйлау, әке-шеше, ата-ене, ағайын-туыс, ұл-қызбен қарым-қатынас, жәннаттық амалдар сияқты тақырыптар қамтылады. Әзірге апта сайын 8 мешітте өткізу көзделген.

Жоба аясында ұстаздар Сайрам ауданы, Қарабұлақ, Құтарыс, Манкент ауылдарында, Сарыағаш аудандық мешіті мен «Сарыағаш» медресе-колледжінде кездесті.

Сонымен қатар, Сайрам және Сарыағаш аудандық әйел-қыздар секторының ұстаздарымен жиналыс өтіп, ҚМДБ және өкілдік тапсырмаларын орындау айтылып, жаңа жылдық жоспарға ұсыныстар қабылданды.

 Қазіргі таңда облыс бойынша аталмыш екі ауданда отыздан аса әйел ұстаз қызмет етуде.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру