Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртауда теңбіл доп турнирі өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 20.09.2021 2308 0 пікір
Теміртауда теңбіл доп турнирі өтті

Қарағанды облысы Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды. 

Арнайы спорт алаңында «Тәні саудың – жаны сау» ұранымен өткен доп додасына аға буын өкілдері мен жастардан құралған 15 команда қатысты. 

​Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық іс-шара шымылдығын Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. 

​Спорттық додадағы әр ойын қызу да тартысты өтіп, жарыс нәтижесінде І орынды «Барыс» командасы иеленсе, ІІ орын «Тарлан» командасына, ал ІІІ орын «Сұлтан» командасына бұйырды. 

Жүлделі орын иегерлеріне 50 000 , 30 000, 20 000 мың теңгеден берілді. Бұдан бөлек, аталмыш командалар арнайы кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Турнир барысында жақсы ойнымен көзге түскен командаларға, сондай-ақ үздік ойыншы, үздік қорғаушы, үздік қақпашы аталымдары бойынша озық шыққан ойыншыларға құнды сыйлықтар табыс етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру