Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Күршімде кеңес өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 14.09.2021 265 0 пікір
ШҚО: Күршімде кеңес өтті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудан және ауыл имамдарына арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы мен Күршім ауданының әкімі Дулат Зайсанбекұлы қатысты.

Жиында имамдарға ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар мен өкілдіктің алдағы жұмыс жоспары таныстырылды. Сондай-ақ аудан көлемінде мешіттерде атқарылып жатқан рухани шаралар мен ҚМДБ тапсырмаларының орындалу барысы сөз болды.

Жиында бас имам Ермек Қасболатұлы: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қабылданған құжаттарды насихаттау, Ихсан ілімін дамыту аса маңызды. Өңірде ихсанды дамыту бағытында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Әр имам өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарап, елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуына мүдделі болуы керек» дей келе, осы бағытта атқарылатын шаралар жоспарын таныстырып, жан-жақты насихаттуды ауыл имамдарына тапсырды.

Жиында сонымен қатар ауылдардағы мешіттердің ахуалы талқыланып, осы бағытта аудан әкімдігімен бірлесе жұмыстар атқарылатыны айтылды.

Іс-шарада аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы сөз сөйлеп, қазіргі уақытта ауданға қарасты мешіттердің имамдары рухани-ағартушылық бағытта игі шаралар жасап жатқанын айтып, ауданды дін мамандарымен қамту, имамдардың әлеуметтік мәселесіне көмек көрсету секілді істердің назарда болатынын жеткізді.

Жиында ауыл имамдары құнды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Басқосу қорытындысы бойынша Ермек Қасболатұлы ауыл имамдарына карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, рухани шараларды нәтижелі атқаруды тапсырды. Сонымен қатар діни-рухани шараларға зор қолдау көрсетіп отырған аудан басшысы Дулат Зайсанбекұлына алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі