Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Діни оңалтудың тиімді тұстары айтылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 14.09.2021 1959 0 пікір
Шымкент: Діни оңалтудың тиімді тұстары айтылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлылық танымы және кереғар діни ағым» семинары өтті.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, заңгер, исламтанушы Ермек Бекбосынов, ҚМДБ РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиев және дінтанушы мамандар мен қала мешіттерінің имамдары қатысты.

Іс-шарада Бақдаулет қажы Нұрматұлы діни оңалту бағыты оның ішінде жат ағымдардың алдын алу жайлы баяндама жасады. Ермек Бекбосынов пен Нұрсұлтан Мамедалиев арнайы дәріс оқып, тәжірибе бөлісті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған басқосу соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру