Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Университетте шеберлік сабағы өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 13.09.2021 296 0 пікір
Университетте шеберлік сабағы өтті

Ислам дінінің білгір маманы болу үшін Құран тілі – араб тілін жетік білу маңызды. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінде алғашқы курстан бастап тіл үйренуге ерекше мән береді. Биыл да исламтану мамандығына түскен алғашқы курс студенттеріне араб тілі пәнінің аға оқытушысы, PhD докторант Олжас Шаяхметов арнайы шеберлік сабағын өткізді.

Университеттің ілгері түлектерінің арасынан оза шапқан тәжірибелі маманның бірінші курс студенттеріне айтары көп екен. «Тіл үйрену сабақты қайталап, берген тапсырманы жаттаумен шектелмейді. Оны күнделікті тәжірибеде қолдану арқылы санаға сіңіріп, игеруге қолайлы келеді. Сондықтан алға қойған мақсаттарыңыз бен талаптарыңыз жоғары болумен қатар, мидағы шектеулерден арылу қажет» деген Олжас Шаяхметов шәкірттерге шабыт берді.

Пандемиялық талаптар сақтала отырып өткізілген әл-Фараби атындағы конференция залында шыбынның ызыңы естілердей тыныштық сақтап, оқытушының әр сөзін санасына сіңірген шәкірттер де ұйымдастырушыларға ризашылығын жаудырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі