Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам аудан әкімімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.09.2021 3516 0 пікір
ШҚО: Бас имам аудан әкімімен кездесті

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы арнайы іссапармен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына барды.

Сапар барысында бас имам Күршім аудандық мешітінде аудан әкімі Дулат Қажановпен кездесті.

Кездесу барысында аудандағы діни ахуал мәселесі, мешіттердің жағдайы мен қысқы жылыту маусымдығына дайындығы, имамдардың әлеуметтік жағдайы, халық арасындағы рухани-идеологиялық жағдайға әсері сияқты әртүрлі сұрақтар қаралды.

Бас имам: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қабылданған ихсан ілімін дамыту, рухани дамуға үлес қосу бағытында Күршім ауданында келелі істер атқарылып жатыр. Іс-шаралардың барлығына аудандық әкімдіктің қолдау көрсетіп отырғандығына шынайы алғыс білдіремін. Алдағы уақытта еліміздің бірлігімен татулығы үшін асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау бағытында бірқатар шаралар жоспарланып отыр» дей келе, өңірдегі діни мамандардың әлеуметтік жағдайы, мешіттердің жай-күйі туралы айтып өтті.

Аудан әкімі Д.Қажанов аймақта атқарылып жатқан рухани шараларға көңілі толатындығын жеткізіп, әрқашан бірлесе қызмет атқаратындығын білдіре келе, құрылысы басталған қайырымдылық мекемесіне жан жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру