Жуырда ҚМДБ бастамасымен «Білім» апталығы аясында Түркістан өңіріндегі әйел ұстаздардың білімін жетілдіру семинары басталды.
Алғашқы семинарда облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов ақида дәрісін оқыды. Тақырып төңірегінде сұрақ-жауап алынды. Білім жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг ай сайын өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, семинар соңынан жиналыс өтті. Облыс имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы Әйел-қыздар секторындағы өзгерістерді хабардар етті. Оларды ҚМДБ бекіткен жұмыстың 7 бағыты мен өкілдік тапсырмаларын тиянақты орындауға шақырды. Сектор жұмысын жандандыру әрі реттеу мақсатында баспасөз қызметінің бақылауына берілгенін мәлімдеді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
06.09.2021
3335
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру