Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 03.09.2021 3814 0 пікір
БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Түркістан қаласына арнайы сапармен келген ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жергілікті жамағатпен жүздесіп, Жұма намазын жүргізді.

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін Х республикалық жарыстың арнайы жұмыс тобын бастап келген Батыржан Берденұлы «Жәннат – Жаратқанның сыйы» тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Сондай-ақ ел амандығы мен тыныштығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында Жұма намазы карантинге байланысты мешіт аулаларында атқарылып келеді.

Бүгін еліміз бойынша сағат 14:00-де жалпы жұртшылық болып дұға етуге шақырылған. Түркістан облыстық мешітіне Жұма намазына жиылған жамағатпен бірге Батыржан Мансұров дұға етті. Өңір мешіттерінде намаз ашық ауада оқылып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру