Жаңа оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында Нұр-Мүбарак университетінің профессор-оқытушылар құрамына арнайы семинар басталды.
Екі күндік шараның беташарында жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат ұжымға білім беру жолында сәттілік тіледі: «Университетімізді біз сіздерсіз елестете алмаймыз. Білімді де білікті шәкірттер тәрбиелеу тікелей сіздердің еңбектеріңіз арқылы жүзеге асады. Қасиетті Құрандағы «Раббым! Білімімді арттыр» деген аят тек біліммен шектелмейді. Оның ішінде білімге жеткізетін әдіс-тәсілдерді де айтады. Осы жолда сіздерге қажыр-қайрат, ынтымақ тілеймін», – деді.
Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев биыл ұжымға жаңадан 10-нан аса ғалым ұстаздар қосылғанын айта келе, оқытушыларды дәрістің әрбір минутын білім беруде тиімді пайдалануға шақырды. Қоғамға дұрыс бағытта Ислам ілімін жеткізе алатын жан-жақты мамандар даярлаудың ерекшелігімен қоса, оқытушылардың қоғамда, араласатын ортадағы өзін ұстау жауапкершілігіне де тоқталды.
Биыл 584 талапкер алғашқы курсқа қабылданып, университеттегі білім алушылар саны 1849-ға жетті. Оқу-әдістемелік басқарма бастығы Мұратхан Махмет оқытушыларға биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен талаптарды кеңірек түсіндіріп өтті.
Сапа менеджмент жүйесі бөлімінің меңгерушісі Шамшат Әділбаева оқу сапасын көтеру үшін үнемі сауалнамалар мен түрлі шаралар болатынын ескертіп, әрбір студентке қажетті көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды. Бүгін басталған семинар барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы офлайнмен қатар онлайн дәрістерді тиімді пайдаланудың тәсілдеріне машықтанбақ.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
nmu.kz
02.09.2021
3247
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру