ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Шымкент қаласындағы «Аңламас ата» мешітінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Аңламас ата» мешітінің имамы Исламқұл Иманқұлұлы, сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының қаладағы өкілдері қатысып, ізгі іс жасады. Сауапты шараға кәсіпкер Талғат Әлмұхаммедұлы қаржылай қолдау көрсетті.
Қайырымдылық шарасы аясында 100 оқушыға мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдары берілді. Айта кетсек, қайырымдылық акциясы аясында қала бойынша 1000 оқушыға көмек берілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
01.09.2021
4981
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру