Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар» орталық мешіті, қалалық мешіттер мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара барысында 60-қа жуық әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелер үлестірілді. Былтыр мешіт өкілдері балаларға ноутбук сыйласа, биыл «Зекет және қайырымдылық» қоры оларға мектепке қажетті құралдарын тарту етіп жатыр. Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
«Демеуші азаматтардың көмегімен «Мектепке жол» акциясы аясында 500 мың теңгедей қаражат жиналды. Қаражат қосқан азаматтарға Алла разы болсын! Осы қаражатқа 60-қа жуық оқушыға ішіне мектеп құралдары салынған сөмкелер алынып, оқушыларға таратылды» деді «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілі Қасымхан Абдуллаұлы.
Петропавл қаласының тұрғыны Майгүл Жүсіпованың 2 баласы мектепте оқыса, бір баласы жоғары оқу орнында білім алады. Сондықтан мектепке қажетті құралдарды сатып қалтасы көтермейді. Ол көмек көрсеткен мешіт қызметкерлері мен жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
«Мешіттен көмек сұрап келгенбіз. Тізімге қосылып, бір марқайып қалдық. отырмыз. Осындай сауапты іс-шараның ұйымдастырушыларына рахмет айтамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек. Алла разы болсын!» деді ол.
Айта кетейік, СҚО бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 200-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
31.08.2021
2968
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру