Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Арыс қаласына алғаш рет ресми іссапармен барды.
Алдымен бас имам қалалық әкімдікте ардагерлермен кездесті. Кейін «Ардагерлер орталығы» мен «Тең қоғам» мүгедектер мен зағиптар үйін аралады.
Сондай-ақ «Ихсан ілімі» және «Дін мен дәстүр» аясында ауыл имамдарымен семинар өтті. Еркебұлан Қарақұлов ҚМДБ қызметінің негізгі 7 бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Облыстың наиб имамы Самат Анарбаев рухани тәрбие жайында насихат айтты. Арыс қаласында да тәртіптік кеңес пен жұмысшы топ құрылып, құрамы бекітілді.
Сапар соңында облыс имамы бастаған топ қаланың қақпасынан салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты. Мешіт көпшіліктің көмегімен бой көтеріп келеді. Қала имамы Қажымұқан Қазыбаев бас имамға құрылыс барысын танысытырып, жобаның жай-жапсарын баяндады.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
23.08.2021
2967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру