Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Құран жарысына іріктеу онлайн өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 19.08.2021 2683 0 пікір
Қостанай: Құран жарысына іріктеу онлайн өтті

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде «Құран – сенің шапағатың» тақырыбында Х республикалық Құран байқауының іріктеу сайысы өтті.

Қазылар алқасы қатысушылардың Құран тәжуидін қаншалық игергені мен махражына (әріптің дұрыс шығуы), сондай-ақ оқу мақамына әрі жаттау қабілетіне аса мән берді.

Іріктеу сайысы өңірдегі карантин жағдайына байланысты онлайн өтіп, оған 20-ға жуық қари қатысты. Олар байқауға жолдама беретін төрт номинация бойынша өзара сынға түсті. Сонымен қорытындылай келе, мәнерлеп оқу бойынша І орын Әбілқасым Абдурахманұлы еншісінде кетсе, 10 пара бойынша Ахмет Мейрамбекұлы үздік деп танылды. Сондай-ақ 20 пара бойынша Бекзат Нұрланұлы жеңімпаз атанса, 30 параны толық жаттаған қари Гуламжан Гафуржанұлы республикалық байқауға жолдама алды. Жеңіс тұғырына көтерілген қарилар мен басқа да қатысушыларға қаржылай сыйлық үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру