Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Х республикалық Құран жарысының іріктеу сайысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бекзат Дулатұлына құрметпен ижазасын табыстап, аймақ халқы екінші ижазалы қаримен толыққандығын хабарлады.
Сондай-ақ шара барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі атынан құттықтап, сый-құрмет жасады.
Бекзат Дулатұлы – Ақтөбелік Қартабаев Саламат ұстаздың шәкірті. Түркия Республикасы, Стамбул қаласында «Марказуд Дияриш Шамия» атты Құран жаттау орталығында Абдулхаким есімді шейх-ғалымға Құран Кәрімді толық тапсырып, «ижаза» алған. Сонымен қатар Осман есімді шейхқа Құранды қайтадан тапсырды. Одан өзге аталған ғалымнан «әт-Тибиян фи хамалатил Қуран» атты кітаптан ижаза алды.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласындағы ижазалы алғашқы қари – Бекжан Амангелдіұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
17.08.2021
2860
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру