Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мешіт асханасы жөнделді

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 17.08.2021 2537 0 пікір
Қостанай: Мешіт асханасы жөнделді

Қостанай облысында биыл 5 мешіт пен олардың асханаларын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Осыған орай жуырда аймақтың бас имамы Бахытбек Тәжімбет Ұзынкөл ауданына арнайы іссапармен барды.

Алдымен Бахытбек Нұрғабылұлы жергілікті «Балықты» мешітіне ат басын бұрып, аудан имамы Есенгелді Сақтағанұлымен жүздесті. Сапар барысында Жұма намазына қатысып, жамағатқа уағыз айтты. Одан кейін бас имам мешіт асханасындағы жөндеу жұмысымен танысса, аудандағы жомарт жамағаттың қолдауымен жиналған қаражатқа асхананың едені төселді.

Сондай-ақ аудан имамы Есенгелді Сақтағанұлы бас имамды атқарылып жатқан игі істер жөнінде жан-жақты хабардар етсе, Бахытбек Нұрғабылұлы жергілікті ағайынға ізгілік, қазіргідей пандемия кезінде амандық, саулық тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру