Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Жеті бағыт бойынша есеп тыңдалды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 13.08.2021 3250 0 пікір
Талдықорған: Жеті бағыт бойынша есеп тыңдалды

Талдықорған өңірінің орталық «Иман» мешітінде қала-аудандардың бас имамдары мен ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыстарға жауапты мамандары бас қосты.

Кеңейтілген жиында ҚМДБ Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Данағұлов Діни басқарманың бекітілген жұмыс жоспарына сай аудан-қаланың жарты жылдық есебін тыңдады. Баллдық көрсеткіш бойынша статистикаға қарап, кейбір өңірлердің жұмыстарына ескерту жасады.

Сондай-ақ қорытынды есеп нәтижесіне сәйкес деструктивті діни ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесу, діни оңалту жұмыстары, шариғат және пәтуа беру жұмыстары, онлайн уағыз-насихат, ғаламтормен жұмыс және қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырма берді.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру