Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында Дәуімшар Қуатұлы батырға арналып ескерткіш ашылды.
Игі іске батырдың ұрпағы Ісенбай Қалдаманов пен Жаңбырбай Дәрменов мұрындық болды. Іс-шараға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов, сондай-ақ Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнусова мен танымал тарихшы, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Ибраһим Ермекбаев, Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Оңғарбайұлы мен Байғанин ауданының әкімі Қайрат Орынбасарұлы, аудан тұрғындары қатысты.
«Дәуімшар батыр Қуатұлы (1770-1810 жылдары Жем бойы) Каспий өңірінің атақты батырларының бірі болған. Шоғының Тікенек тақтасынан тарайды. Оның өмірі мен ерлік жолдары Үстірт, Жем, Сағыз аймақтарымен тығыз байланысты. Осы өңірлерді иемденуге тырысқан Башқұрт, Түрікпен, хиуалықтар мен қалмақтардың бетін қайтарып, жаудан тазартқан есіл ер. Алаштың ақиық азаматы Халел Досмұхамедұлы Дәуімшардың ерлігін жоғары бағалаған. Шоғы батыр ұрпақтарының бастаған бүгінгі игі бастамасы жастарымыздың бойына батырлық пен батылдықтың, Отансүйгіштіктік пен патриоттықтың дәнін себе бергей дейміз. Ер есімі – ел есінде» деді Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы.
Аталған шара батырға Құран бағыштаудан басталып, ескерткіш жанынан ашылған аллеяда тал отырғызу рәсімімен қортындыланды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
06.08.2021
4377
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру