ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Түркістан облысында он күнде 6 баспана берілді.
Атап айтқанда Шардарада - 1, Түркістан қаласында - 3, Созақта - 1, Жетісайда - 1 отбасы баспаналы болды.
Ерекше атап өтетіні, Түркістан қаласындағы үш үй де жаңадан салынды. Ал Жетісай ауданында баспана имамға берілсе, қалған бес үй мұқтаж отбасыларға тарту етілді.
Имамдар «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 339, 440, 441, 442, 443 және 446-баспанаға демеушілік жасап, мұқтаждарды қуантқан жомарт жандарға, ерікті жамағатқа ризашылығын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
05.08.2021
2965
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру