Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шу ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 31.07.2021 3475 0 пікір
Шу ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

Жамбыл облысы Шу аудандық «Жәми» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Ресми шараға арнайы барған Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жамағат алдында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған имамды таныстырды. 

Қалалық мешіттен аудандық орталық мешіт статусын алған «Жәми» мешітіне Бахтияр Амиреев тағайындалды. Облыс бас имамы жаңа қызметке келген маманның жұмысына сәттілік тіледі. 

Бахтияр Амиреев облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде наиб имам қызметін атқарған болатын. Бахтияр Амантайұлы – «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі әрі жат ағым бағыты бойынша жұмыс жүргізу жөніндегі білікті маман. 

Ал бұл уақытқа дейін Шу ауданының бас имамы қызметінде болған Аят Дыбысұлына Шу жамағаты көлік сыйлап, құрмет көрсетіп, шығарып салды. Облыс бас имамы алғыс хат табыстап, оның да алдағы қызметіне жеміс тіледі.

Сонымен қатар «Төле би» мешітіне осы мешіттің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы имам болып тағайындалды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру