Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Медеу ауданының мешіттерімен танысты

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 31.07.2021 2703 0 пікір
Алматы: Медеу ауданының мешіттерімен танысты

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Медеу ауданы имамдарымен «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінде жүздесіп, ауданға қарасты 8 мешітті толық аралап шығып, олардың тыныс-тіршілігімен жіті танысты.

Бас имам Медеу ауданы имамдарымен кездесу барысында күн тәртібіндегі мешіт істеріне қатысты маңызды мәселелерге тоқталып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағыты мен аудан мешіттерінің жылдық жоспарын пысықтады. Сондай-ақ, мешіт қызметкерінің жұмыс тәртібі, мешітке келушілерге қызмет көрсету сапасы, уағыз-насихат пен қайырымдылық және оқу-ағарту мен жат ағым бағыттарын жандандыру жайы сөз болды. Бұдан бөлек, аудан мешіттерінің халыққа көрсететін қызметін жоғары деңгейге көтеру керектігін ескертті.

Кездесу барысында аудан имамдары өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларын айтты.

Бас имам екі ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу барысында кейбір мешіттердің қызметін жетілдіруге қатысты сын-ескертпелерін айтып, тиісті тапсырмаларын берді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру