Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда екі күндік діни семинар өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 28.07.2021 2357 0 пікір
Оралда екі күндік діни семинар өтті

Батыс Қазақстан облысының мешіт имамдары мен дін саласында жұмыстанатын теолог мамандардың кәсіби деңгейлері мен біліктіліктерін арттыруға бағытталған екі күндік семинар өтті.

Облыстық дін істері басқармасы мен «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры ұйымдастырған оқыту семинарына БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлының ұйытқы болуымен қырықтан астам имамдар мен молдалар қатысты.

Атап айтқанда, исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Нұржан Жақсылықұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD доктор, доцент қызметін атқарушы Азамат Жамашевтер шақыртылды.

Біліктілікті арттыру семинарында ашылуында БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы мен Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Арнайы келген ғалым ұстаздар Ризабек Батталұлы, Нұржан Жақсылықұлы, Азамат Жамашев имамдарға дәріс жүргізді. Екі күндік семинар барысында дін мамандары түйткілді мәселелері бойынша пікір алмасулармен өтуде.

Семинарға қатысқан мешіт имамдары осындай шаралардың берері мол екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру