Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 27.07.2021 2118 0 пікір
БҚО: Бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылдық мешітінде бүлдіршіндер арасында «Иманды ер – ел болашағы» тақырыбында құран жарысы өтті.

Шараға 19 бала қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Жарыс әділ өту үшін Асан мешітінің бас имамы Мұратбек Каспиұлы және мешіт ұстазы Алишер Ералиев ұстаз қазылық етті.

Жүзден жүйрік, мыңнан оза жауып 1-орынды 6 жасар Нұрет Абдурахман, 2-орынды Ілияс Ерденбекұлы, ал 3-орынды Бауыржан Даниял иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген бүлдіршіндерге ақшалай сыйлық және сертификат табысталды. Барлық қатысушыға да ақшалай ынталандыру берілді.

«Мұсылман адам әрдайым білімге деген ізденісте болу керек. Осы алған білімдеріңді шыңдай түсіңдер. Алдағы уақытта мұндай жарыстар болып тұрады» деді бас имам Мұратбек Жахатов.

Құран жаттаған бүлдіршіндер жүздерінде қуаныш, көңілдері көтеріңкі күйде тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру