Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Құрбан шалу 10 қасапханада өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.07.2021 2162 0 пікір
Қызылорда: Құрбан шалу 10 қасапханада өтті

Сыр өңірінде Құрбан шалу рәсімі тыңғылықты дайындықпен, жылдамдатылған жұмыс тобының қызметімен, облыс тұрғындарының ризашылығымен жоғары деңгейде өтті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Құрбан шалуға тапсырыс беру Қызылорда облысында қашықтан ұйымдастырылды.

Айт күндері атқарылған жұмыстар нәтижесінде аймақ бойынша 945 қой, 17 ешкі, 112 ірі қара мен 2 түйе құрбандыққа шалынып, 4871 отбасыға 28 тонна 287 кг құрбан еті үлестірілді.

«QURBAN 2021» жобасы аясында қашықтан құрбан шалу рәсімінің барлық талаптарға сай атқарылуына Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала және аудан мешіттерінің имамдары, 300-ден астам ерікті жамағат үлес қосып, 200-ге жуық автокөлік жұмылдырылды. Облыс бойынша 10 қасапханада Құрбан шалу рәсімі өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру